Оқиға

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысқан

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТеміржол
Теміржол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан он төрт адам қаза тапты

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Владимир облысында жолаушылар автобусы мен пойыз соқтығысып, он төрт адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдің ІІМБ өкілі РИА Новости агенттігіне.

"Он төрт адамның қаза тапқаны белгілі", — деді сұхбат беруші.

Жол апаты жұмаға қараған түні Владимир облысында теміржол өткелінде болған. ІІМ мәліметінше, автобус қызыл жарыққа қарамастан, өткелге шығып кетіп, теміржолда тұрып қалыпты. Автобус Қазақстаннан екені белгілі болып отыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдегі жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

"Біз болған апаттың мән-жайын анықтап жатырмыз. Белгілі болған жағдайда хабарлаймыз", — деді СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов. 



Жаңалықтар
0