Оқиға

Атырауда шекарашы браконьерлер мен жергілікті тұрғындардан қарумен қорғанды

© Sputnik / Табылды КадырбековКалашников автоматы
Калашников автоматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Браконьерлерді ұстамақшы болған шекарашыға отызға жуық жергілікті тұрғындар сес көрсетеді

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Атырау облысындағы елді мекеннің тұрғындарынан қорғану мақсатында шекара қызметінің офицері қызметтік қаруды қолданған, деп хабарлайды, аймақтық "Ақ Жайық" баспасы.  

Шекарашы өзіне сес көрсеткен ауыл тұрғындарын қорқыту мақсатында Калашников автоматынан ауаға бір рет және жерге отыз рет оқ атқан.  

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау облысында шекарашыларды балағаттаған ауыл тұрғыны сотталды

Батыс өңірі прокуратура мәліметтеріне сәйкес, 10 қазан күні түнде ешқандай жарығы жоқ, суда жүзген қайықтарды байқап қалады. Қайықтағы адамдар шекарашыларға сес көрсете заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балықтарды мотоцикл мен көлікке салып алады. Шекарашы офицер мен сержант браконьерлерді ұстамақшы болғанымен, балықшыларға көмек көрсету үшін отыз шақты адам жиналады. 

"Олар ұсталғандарды жіберуді талап етіп, шекарашыларды қорқытады. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында шекарашы-офицер өз қаруын ауаға атады, алайда белгісіз адамдар офицерді соққыға жығады", — деп хабарлайды прокураторада.

Өзіне қарсы шыққан адамдардан қорғану мақсатында шекарашы қаруын жерге атуға мәжбүр болған. Заңсыз балық аулаған адамдарды ұстау мүмкін болмады. Олар оқиға орнынан белгісіз бағытта кетіп қалған. Таңертең облыстық ауруханаға аяғында оқ тиген жарақаты бар ер адам келген. Қазіргі уақытта оның болған оқиғаға қатыстылығы анықталып жатыр. 
Жаңалықтар
0