АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында ауыл тұрғындары мен шекарашылар арасында болған жанжалдан кейін ер адам бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысындағы мәліметтерге сәйкес, Исатай ауданының Жанбай ауылында Toyota Land Cruiser автокөлігі әскерилердің бір тобы кезекті спорттық жүгіруден соң, жолдың бойымен жүріп бара жатқан, мерзімді әскери қызмет сарбазын басып кете жаздаған.
Әскери қызметкерлер әскери бөлім территориясына кірген сәтте, бірнеше автокөлікке мінген ауыл тұрғындары шекара бекетіне кірмекші болады. Осы сәтте аспанға мылтық атылады. Әскери бөлім алдында адамдар тобы жиналған. Осы кезде С.А. есімді ауыл тұрғыны құқық қорғау органдарының қызметкерлерін балағаттайды. Сотта ол өз кінәсын толығымен мойындаған.
Атырау облысы Исатай ауданы Сотының үкімі бойынша С.А. есімді азамат айыпты деп танылып, оған заңға сәйкес әкімшілік жаза тағайындалып, бес тәулікке қамауға алынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.