Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті хабарлауынша, күдікті жеңімпаз атандырып, келісім бойынша тезірек ақша төлегені үшін мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жүйелі түрде пара алып отырған.
Бұдан бөлек, 9 қазанда Мырзатаев мердігерлік ұйымның мүддесі үшін ҚР қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас маманы Ернар Медеубековке тендер нәтижесін болдырмай тастағаны үшін 1 миллион теңге пара берген.
Мырзатаев пен Медеубеков сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.