Қоғам

Қазақстанда Ан-28 ұшақтарын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

© Sputnik / Данияр ДауталиевАн-28 ұшағының құлаған орны
Ан-28 ұшағының құлаған орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда қолда бар жеті Ан-28 ұшағының екеуі ғана ұшуға жарамды

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Тергеу қорытындысы бойынша Қазақстанда Ан-28 ұшақтарын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр Азаматтық авиация комитетіндегі брифинг кезінде.

"Бәрі де мүмкін. Тергеу қорытындысын күтіп, кейін біз нақты шешім қабылдайтын боламыз", — деді ол тілшілердің Ан-28 ұшағын Қазақстанда қолдануға тыйым салу туралы қойған сұрағына жауап беріп. 

Скляр, бұл ұшақтарды шығарған зауыттың мамандары келіп, қажетті консультациялар жасалатынын атап өтті. 

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әуе апатында қаза тапқан дәрігерлердің жәрдеміне мұқтаж болған әйел көз жұмды

ААК мәліметі бойынша Қазақстанда жеті Ан-28 ұшағы бар, бірақ олардың екеуі ғана ұшуға жарамды. 

 "Ан-28 ұшағының үшеуінің ұшуға жарамдылығы жоқ. Тағы біреуі қазіргі уақытта жұмыс істемейді, біреуі апат салдарынан істен шықты. Қалған "жарамды" болып табылатын екі ұшаққа қатысты азаматтық авиация комитеті тарапынан тексеру жүргізіліп, инженерлер нақты шешім қабылдайтын болады", — деп мәлімдеді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының м.а. Тоты Әмірова.
Борттық өздігінен жазғыштың мәліметтері келесі аптаның соңында белгілі болады. 

Жаңалықтар
0