АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Шымкент облыстық ауруханасында алты баланың анасы, әуе апатында қаза тапқан дәрігерлердің жәрдеміне мұқтаж болған науқас әйел көз жұмды, деп хабарлайды жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цой Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"2 қазанда аса ауыр хәлде ауруханаға түскен. 8 қазанда сағат 10:30 кезінде көз жұмды. Акушерлік және гинекология ғылыми орталығының акушер-гинекологы қараған. Хәлі төмендеп кетккелі бері үш күн бойы қасында дәрігер болды – Кардилогия ғылыми-зерттеу институтынан келген, яғни мамандар қасында болды", — дейді дәрігер.
Науқастың диагонзы – гепатиттің екі түрі, сепсис, көптеген орган қызметінің жетіспеушілігі болып, операция жасалған. Әйел адам ми ісігімен комада жатқан болатын.
3 қазанда Ан-28 санавиация ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшырады. Ұшақ Шымкентке науқас әйел мен сәбиіне жәрдем көрсету үшін бара жатқан. Бортта бес адам болып, бір де бірі аман қалған жоқ.
Науқас әйел алтыншы сәбиін Шымкент ауруханасына түсер алдында дүниеге әкелген. Дәріргерлердің айтуынша, баласының дені сау, Түркістанда туыстарының үйінде.