АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Шымкентте дәрігерлер анасы мен сәбиінің өмірін сақтап қалды, бірақ олар ауыр хәлде жатыр.
"Әйел мен нәресте аман-есен, — деп хабарлады жансақтау бөлімінің кезекші дәрігері Sputnik Қазақстан тілшісіне телефон арқылы. – Консилиум өткізілді. Басқа ештеңе айта алмаймыз".
Үшінші қазанда ұшып шыққан санитарлық авиация ұшағы Ан-28 12 минуттан соң радардан жоғалып кетті. Ұшақ Алматыдан Шымкентке аттанған болатын. Бортта бес адам болды, оның ішінде командир, екінші ұшқыш, авиатехник, екі дәрігер болған. Бәрі қаза тапты.