Қоғам

Дүйсенова: азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

© Sputnik / Болат ШайхиновТамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ ең төменгі еңбекақы алатын адамдардың саны 30 пайызға қысқарған

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. 2016 жылғы бірінші қаңтардан бастап енгізілген еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісінің нәтижесінде азаматтық қызметшілердің жалақысы орташа алғанда 30 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Мемлекеттік қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі?

"Елімізде 2016 жылдан бастап жаңа еңбек кодексі іске асырылуда. Жаңа кодексте еңбек қатынастарын реттеуші субъектілерді өкілеттілігін нақтылай отырып, олардың арасында келіссөздер механизмін әріптестік негізінде дамыту көзделген болатын. Жаңа нормалар өз нәтижесін бере бастады деп айтуымызға болады", — деді Дүйсенова мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министр атап өткендей, маңызды мәселелердің бірі еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілеу, түнгі, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақы төлеуге қатысты болды.

"Бүгінгі күні халықаралық еңбек ұйымының ең төменгі  еңбекақы белгілеу рәсімі бойынша ратификацияланған конвенциясының ережесін жүзеге асырып жатырмыз. Ең төменгі еңбекақы алатын қызметкерлердің санына жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Осы жұмыстың нәтижесінде соңғы бес жылда ең төменгі еңбекақы алатын адамдардың санының 30 пайызға қысқарғаны анықталып отыр. Еңбек кодексін әзірлеу және талқылау барысында түнгі, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін ақы төлеу мөлшеріне қатысты үлкен қауіп болды.  Дегенмен, экономиканың негізгі салалары кәсіпорындарының ұжымдық келісімшарттарын және еңбекақы төлеу жүйесін мониторингілеу әлеуметтік диалогтың тиімділігін көрсетті.  Бүгінде бұл кәсіпорындарда қосымша ақы  еңбек кодексінде айқындалған бір жарым емес, екі есе  мөлшерінде белгіленіп отыр", — деді ол.

Бұдан бөлек, министр еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісінің нәтижесінде азаматтық қызметшілердің жалақысы өскенін алға тартты.

"Қызметкерлердің айлық жалақысының мөлшері оның біліктілігіне, жұмысының күрделілігі, сапасы, ауқымы және еңбек жағдайына қатысты бекітіледі. Осы талаптардың аясында 2016 жылғы бірінші қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісі енгізілді. Осының нәтижесінде олардың жалақысы орташа алғанда 30 пайызға өсті", — деді Дүйсенова.

Жаңалықтар
0