Өңірлер

Алматы облысында әйел полицейлердің бетін тырнап, погонын жұлып тастады

© Photo : Пресс-служба ДВД АлматыҚазақстандық полицейлер, архив
Қазақстандық полицейлер, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды

АСТАНА, 8 қазан– Sputnik. Ішімдікке сылқия тойып алған қыз Үштөбе қонақ үйлерінің бірінде полицейлердің бетін тырнап, погондарын жұлып тастады, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Пистолет - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда абақты қызметкері атылып қалды

ІІД ақпаратына сәйкес 26 жастағы қызға қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы "билік өкіліне күш қолдану" бойынша қылмыстық іс көзделген.    

Бұл оқиғаның Үштөбедегі қонақ үйлердің бірінде болғаны белгілі болды. Оқиға орнына келген полицейлер қонақ үйде жұрттың мазасын алып, шу шығарған мас әйел мен ер адамды ұстайды. 

"Әйел адам патрульдік полицейлердің біріне жұдырық ала жөнеледі. Оның формасындағы погондарды жұлып тастайды, полицейге түрлі заттарды лақтырып, бетін тырнап тастайды. Ұсталған екеуі медициналық айықтырғышқа жеткізіледі. Одан кейін жауап алу үшін Қаратал аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді", — деді облыстық полициядағылар. 

Әзірге тек әйел ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Өйткені оның жанында болған ер адам мас болса да, өзін сабырлы ұстап, полицейлерге тап бермеген. 

Полиция ақпараты бойынша әйел адам бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот тағайындаған шартты түрдегі жазаны өтеп болмаған. 


Жаңалықтар
0