Өңірлер

Қостанайда абақты қызметкері атылып қалды

© AP Photo / Bikas DasПистолет
Пистолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның өзіне қол салуына қызымен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Рудныйда уақытша ұстау изоляторының қызметкері суицид жасады, деп жазады alau.kz.

Редакцияға облыстық прокуратура хабарлағандай, қайғылы оқиға бірінші қазанда түнде болған. 

"Түнде бір жарымда Рудный қаласының ішкі істер басқармасы уақытша ұстау изоляторының 24 жастағы қарауылшысы өз-өзіне қол жұмсады. Суицидке қызымен ұрысып қалуы себеп болуы мүмкін", — деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы.  

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. 


Жаңалықтар
0