Қоғам

ҚР СІМ: Ресейдегі жол апатынан аман қалған жүргізуші куәгер ретінде жауап беруде

© Sputnik / Табылды Кадырбековқылмыстық іс
қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус пен пойыз соқтығысқан жол апатында аман қалған қазақстандық Ресейде бірнеше күн болады

АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ресейде Владимир облысында автобус жолаушылар пойызының астына түскен жол апатынан аман қалған қазақстандық автобустың 40 жастағы жүргізушісі Нұрғали Сарманов іс бойынша куәгер ретінде жауап беруде, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Владимир облысында автобус пен пойыз соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Аман қалған қазақстандық жүргізуші іс бойынша куәгер ретінде жауап беруде, сондықтан Ресейде тағы бірнеше күн болады. Ол ауыр жарақат алған жоқ", — деп хабарлады басапсөз қызметі. 

Министрлік қаза тапқан екінші қазақстандық жүргізушінің денесі елге жақын арада жеткізілетінін хабарлады. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар марқұмның туғандарымен ұйымдастырушылық мәселелерді шешіп жатыр. 

Еске сала кетсек, 6 қазанға қараған түні Владимир облысында Оңтүстік Қазақстаннан барған автобус жолаушылар пойызына соғылды. Жүргізуші қызыл түсті елемей, теміржол өткеліне шығып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша жол апатынан 17 адам қаза тапты.

Автобус ішінде Өзбекстан азаматтары мен екі қазақстандық жүргізуші болған, олардың бірі қаза болды. Ал жарақат алған екіншісі Покров қаласына жеткізілгені хабарланған болатын. 


Жаңалықтар
0