Оқиға

Ресейде қаза болған қазақстандықтардың аты-жөні белгілі болды

© Photo : ГУВД по Владимирской области / Медиабанкке өтуВладимир облысында автобус пен пойыз соқтығысты
Владимир облысында автобус пен пойыз соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдегі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан және зардап шеккен жүргізушілердің туыстарына қажетті көмек көрсетеді

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Ресейде Владимир облысында пойызбен соқтығысқан автобуста болған қазақстандық жүргізушілердің аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Ресейдегі Қазақстан елшілігі жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ресейде автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Ресейде автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысынан барған автобустың екі жүргізушісі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. Олардың біреуі 47 жастағы Данияр Шілдебаев қаза тапты. Екіншісі 40 жастағы Нұрғали Сарманов аман, ол Покров қаласына жеткізілген. 

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша 6 қазан сағат 3.30-да Владимир облысы Покров станциясы ауданында жолаушылар автобусы Санкт-Петербург – Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысты. Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автобус 55 Өзбекстан азаматын тасымалдаған. 6 қазанға қараған түні трассадағы кептелісті айналып өтіп, темір жол өткелінде қызыл түске жүрген автобус сынып тоқтап қалады. Жүргізуші келе жатқан пойызды көріп, айқайлап жіберген, 34 жолаушы атып шығып, автобусты итере бастайды. Бірақ пойыз тоқтап үлгермей, автобусқа соғылады.

Соңғы мәліметтер бойынша автобус ішінде болған 18 адам қаза тапты. Жүгіріп шыққандар аман қалды. 


Жаңалықтар
0