Саясат

ҚР СІМ Атамбаевтың пікіріне байланысты келіспеушілік білдірді

© SputnikАстанадағы ҚР СІМ ғимараты
Астанадағы ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ достастық екі елге қатысты мұндай пікірдің айтылуы негізсіз деп есептейді

АСТАНА, 7 қазан— Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның қырғыз елінің ішкі істеріне араласуы туралы айтқан пікіріне қатысты келіспеушілік білдірді. 

Атамбаев, Қазақстан билігін 15 қазанда өтетін Президент сайлауы процесіне араласуына қатысты айыптады. 

"Біз Қырғызстан президенттігіне сайлау алды кезеңіндегі бұл тәрізді арандатушылық мәлімдемелер екі елдің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа өз кесірін тигізбейтініне сенімділік білдіреміз ", — делінген СІМ хабарламасында.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Атамбаев: Қазақстан біздегі президенттікке өз үміткерін таңуға тырысып отыр

Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынасты дамыту бағытын ұстанатыны да ерекше атап өтілді.

Атамбаевтың президенттік мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады. Конституцияға сәйкес Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды. Атамбаевтың орнын басушы деп саналатын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясынан сайлауға түсетін үміткер Сооронбай Жәнібековтың негізгі қарсыласы 19 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен, елдің экс-премьері Өмірбек Бабанов болып табылады. Осы кездесуден кейін Қырғызстан СІМ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне қарсылық нотасын жолдаған болатын.  

 

Жаңалықтар
0