Саясат

"Астана-7" кезінде Сириядағы тұтқындарды босату мәселесі талқыланады

© AP Photo Сириядағы жағдай
Сириядағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов алдағы уақытта Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөздер кезінде қандай мәселе қарастырылатынын айтып берді

АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Сириялық қарулы оппозиция кепілгер мемлекеттердің Астанадағы кезекті кездесу кезінде тұтқындар мен кепілдегі адамдарды босату туралы мәселенің шешімін қарастырылатына үмітті болып отыр, деп мәлімдеді ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов.

Сирияаралық келіссөздердің жетінші кезеңі Астанада қазан айының соңында өтеді деп күтіліп отыр. 

Сириялық жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Астана-6": шиеленістің төрт деэскалация аймағын құру бекітілді

"Астана-7" аясында болатын келіссөздердің негізгі тақырыптарын Қазақстан СІМ ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен талқылады. Ол қазіргі уақытта Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. 

Ресей Сыртқы істер министрінің айтуынша қазіргі уақытта Сауд Арабиясы мен Египет мемлекеттері өзара бөлшектенген оппозиционерлерді біріктіріп, деэкалация аумақтарында келісімге келу мәселесінде маңызды рөл атқарып отыр. 
Бұған дейін, келіссөздердің жетінші кезеңіне жаңадан қосылатын бақылаушы Қытай, БАӘ, Египет және Ливан мемлекеттерінің қатысуымен өтуі мүмкін екені белгілі болған еді.  
Қазақстанның елордасында 2017 жылдың басынан бері Сириядағы жанжалды реттеуге қатысты алты кездесу өткізілді. Бұл кездесулердің ең басты нәтижесі Сирияның бірқатар аймақтарында төрт деэскалация аумағының құрылуын жариялау болды. 

Жаңалықтар
0