АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Сирия жағдайы қатысты Астанада өткен халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Сирияның бірқатар аумағында төрт деэскалация аймағын жарияланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"Иран, Ресей және Түркия Сирия Араб республикасындағы әскери әрекеттерді тоқтатуды бақылайтын кепілгер мемлекеттер ретінде Сириядағы деэскалация аймағын құру туралы меморандумды жүзеге асыру барысымен қанағаттанды. Осыған орай, Шығыс Гута, Хомс провинциясының солтүстік бөлігінде, Идлиб провинциясында және көршілес провинциялардың (Латакия, Хама және Алеппо) біраз бөлігінде деэскалация аймағын құру туралы жариялады", — деді Әбдірахманов.
Сонымен қатар, ҚР СІМ тараптар меморандум ережелерін жүзеге асыруға қатысты жұмыстарды жалғастыру ниетін нақты бекітіп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық билік өкілдеріне Астанада өткен алтыншы халықаралық кездесудің жоғары деңгейде өткізілгені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, 2017 жылы қазан айының аяғына белгіленген келесі кездесуді де Астанада өткізу туралы шешім қабылданды.