АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Ресейдегі қазақстандық дипломаттар Владимир облысындағы жол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің кім екенін және қай елдің азаматтары екенін анықтап жатыр, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
"Владимир облысы бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша тіркеу нөмірі UDA668, 13 өңірге тиесілі Mercedes жолаушылар автобусы Владимир облысында ірі жол апатына ұшырады", — деп хабарлады Жайнақов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресейдегі қазақстандық дипломаттар жол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің кім екенін және қай елдің азаматтары екенін анықтап жатыр.
6 қазанға қараған түні Владимир облысында темір жол өткелінде Қазақстаннан барған автобус жолаушылар пойызымен соқтығысты.
Соңғы мәліметтер бойынша жол апатында 18 адам қаза тапты, 5 адам ауруханаға жеткізілді.