Оқиға

Ресейде пойызбен соқтығысқан автобус Өзбекстан азаматтарын апара жатқан

© Photo : 33.mchs.gov.ruПойыз бен автобус соқтығысты
Пойыз бен автобус соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобуста 50 адам болған, жолаушылардың біразы тоқтап қалған автобусты итеру үшін атып шыққан

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Пойызбен соқтығысқан автобуста Өзбекстан азаматтары келе жатқан, деп мәлімдеді Владимир облысы губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхова.

Теміржол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысқан

"Бүгін түнде қазақстандық нөмірі бар автобус Өзбекстанның азаматтарын әкеле жатып, Ореховскийдегі кептелісті айналып өтіп, теміржол өткелінде тоқтап қалған. Жолаушылар ұйықтап жатады, барлығы 50 адам, жүргізуші айғай салғанда, 34 адам автобусты итеруге атып шыққан. Олар аман қалған, автобустың ішіндегілер қаза тапқан. Күл-талқаны шықты", — деп хабарлады Шляхова агенттікке.

Автобус қызыл жарыққа қарамастан, теміржол өткеліне шығып, жолда тоқтап қалған. Салдарынан Санкт-Петербург – Нижний Новгород бағдарлы пойызымен соқтығысқан. Соңғы деректер бойынша 17 адам қаза тапты. Екі бала, қыз бен ұл, ауыр хәлде жатыр.

Жаңалықтар
0