Экономика

Қазақстан Парламенті ЕАЭО-тың қару тасымалы туралы келісімін ратификациялады

© AP Photo / Bikas DasТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕАЭО елдері азаматтық және қызметтік қару айналымын қадағалайтын болады

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Сенат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында қызметтік және азаматтық қару тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ЕАЭО - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы талқыланады

Сенат депутаттары бейсенбі күні жалпы отырыста "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында қызметтік және азаматтық қару тасымалы туралы Келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

"Келісім қызметтік және азаматтық қаруды сату, спорттық шараларға қатысу, аңшылық, көрмеге қою, сынақ жүргізу, негізгі бөлшектерін жөндеу мақсатында, сонымен бірге иесінің басқа елге көшуіне байланысты тасымалдау, алып кіру, алып кету және ішкі транзитін жүзеге асырумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты", — деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов отырыста.

Келісімді ратификациялау ЕАЭО мүше елдерінің өкілетті мемлекеттік органдарына азаматтық және қызметтік қару айналымын толығымен қадағалауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0