Саясат

Астанада ЕАЭО Үкіметаралық кеңесі отырысының қорытындысы талқыланады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуЕАЭО
ЕАЭО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 тамыз 14.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясындағы өзара әрекеттестік" тақырыбындағы Астана-Бішкек-Ереван-Минск-Мәскеу бейнекөпірі өтеді

Дүйсенбі күні Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өткізілді, оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев (Қазақстан), Карен Карапетян (Армения), Андрей Кобяков (Белоруссия), Сооронбай Жээнбеков (Қырғызстан), Дмитрий Медведев (Ресей) қатысты. Сондай-ақ отырысқа қатысушылардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян да болды.

Бейнекөпір барысында сарапшылар ЕАЭО аясындағы өзара әркеттестіктің өзекті мәселелерін қозғап, отырыстың күн тәртібін талқылап, үкімет басшыларының кездесуін қорытындылайды. 

Астанадағы қатысушылар:

— "Нұр Отан" партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Владимир ТЕЛЬНОВ.

Бішкекте:

— ҚР Сауда-өнеркәсіптік палата комитетінің төрағасы, экономика министрінің кеңесшісі Кубат РАХИМОВ.

Ереванда:

— саясаттанушылар мен сарапшылар.

Минскіде:

— экономика ғылымдарының докторы, профессор Степан ВАСКОВСКИЙ.

Мәскеуде:

— РҒА Экономика институтының посткеңестік зерттеулер орталығы жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Леонид ВАРДОМСКИЙ.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), Р1 қабаты.

Жаңалықтар
0