АСТАНА, 4 окт — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек денсаулық сақтау басқармасына АН-28 апаты кезінде қаза тапқан медицина қызметкерлерінің туыстарына қолдау көрсетуді тапсырды.
"Ұшақ апаты кезінде қаза тапқан профессор, акушер-гинеколог Талғат Патсаевтың, профессор, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаевтың және экипаж мүшелерінің отбасылары мен туған-туыстарына қала басшылығы тарапынан қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Бұл отбасы үшін де, бүкіл медицина қауымдастығы үшін де орны толмас қайғы. Қалалық денсаулық сақтау басқармасына тиісті көмек көрсету тапсырылды", — деп әкім сөзінен үзінді келтіреді әкімдік өкілдері.