АСТАНА, 4 қазан— Sputnik. Кешегі күні құлаған АН- ұшағына иелік ететін East Wing компаниясының президенті Виталий Масалитин көліктің қозғалтқышында ақау болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Жоқ, бұл жалған мәлімет", — деді ол брифинг кезінде сұрақтарға жауап беру барысында.
Сонымен қатар, ол апат болар алдында ұшқыш пен диспечер арасында ешқандай байланыстың болмағанын айтып берді.
"Ұшақтың төмендеуі кезінде (…) диспетчер мен борт арасында байланыс болмаған, яғни экипаж болып жатқан жайт туралы ешқандай ақпарат бермеген. Ұшу кезінде қандай да бір келеңсіздіктер орын алатын болса, ол бірден диспетчерлер пунктіне баяндап отыруы керек, бұл барлығына бірдей тәртіп", — деп түсіндірді Масалитин.
Әуе компаниясының берген мәліметтері бойынша, Геннадий Цойдың 12 мың сағат тәжірибесі бар, ол Бішкектен кәсіби маман ретінде шақыртылған. Компанияда ол екі жыл жұмыс істеген. Қазақстандық Евгений Кутафиннің 400 сағат тәжірибесі болған. Ал қаза тапқан инженер-техник Бейшебек Акматбаевтың тәжірибесі мол, ол Қазақстанда бес қыл жұмыс жасаған.