АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Нақты мәліметтер бойынша, АН-28 ұшағының апатқа ұшырауы кезінде Қырғызстанның екі азаматы қаза тапқан. Экипаж командирі —Геннадий Цой және авиатехник Бейшібек Ахматбаев, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Бұған дейін апат кезінде Қырғызстан азаматы – экипаж командирі қаза тапты делінген болатын.
Мәселені анықтау үшін Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулдығы Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігінің көліктегі апатты тергеу жөніндегі департаментімен байланысқа шыққан.
"Бас консульдықтың алдын ала мәліметтері бойынша, экипаждың екі мүшесі – әуе көлігінің командирі 1963 жылы туған Ц. Г., және инженер 1961 жылы туған А. Б. Қырғызстан азаматтары болып табылады. Қазіргі уақытта мүрделерді тану әрекеттері жүзеге асырылып жатыр", — деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қазіргі уақытта екі елдің құзыретті органдары қаза тапқан Қырғызстан азаматтарының мүрдесін елдеріне тасымалдауға қатысты шаралар атқарылып жатыр.