Оқиға

Көкшетауда досын өлтіріп, елден қашып кеткен ер адам сотталды

© Sputnik / Murad OrujovПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кісі өліміне қатысы бар күдікті Ресей-Украина шекарасында ұсталған

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Көкшетау тұрғыны досын өлтіргені үшін ұзақ жылға сотталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.

Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда екі әйелді өлтірген адам 33 жылдан соң ұсталды

Тергеу деректеріне сүйенсек, 30 жастағы Александр Безруков 26 жастағы Николай Кулаковскийдің ақшасы барын біліп, 19 маусымда түнгі клубтан соң үйіне шақырады. Үйінде мас Безруков досының басы мен денесін ауыр затпен ұрып, кейін пышақтайды. Николай сол жерде көз жұмған. Кейін Безруков оның пәтеріне барып ірі көлемде қаражатын алып кетеді.

Туған-туыстары полицияға барып Кулаковскийдің жоғалып кеткені туралы арыз берген. Оның денесі 30 маусымда Қылшақты өзенінде табылды. 

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, Көкшетау тұрғынына іздеу жарияланған.

Безруков Ресей мен Украина шекарасында Донецкте ұсталды. Сөйтіп Көкшетауға жөнелтілді.

Алқабилер соты 30 жастағы Александр Безруковты кісі өлтіріп, ақша ұрлағаны үшін айыпты деп танып, жиырма жылға соттады және мүлкін тәркіледі. Сонымен қатар қаза тапқан жігіттің отбасына материалдық және моральдық шығын төлеуі тиіс.

© SputnikСот залында
Сот залында - Sputnik Қазақстан
1/2
Сот залында
© SputnikСот залында
Сот залында - Sputnik Қазақстан
2/2
Сот залында
1/2
Сот залында
2/2
Сот залында
Жаңалықтар
0