Өңірлер

Прокуратура Ақкөлдің маңында қонған тікұшақтың түнгі ұшу себебін түсіндірді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМи-8 тікұшағы
Ми-8 тікұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тікұшақтың бірден қатты қонуының себебі арнайы комиссия тарапынан әлі де тексеріліп жатыр

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Бір апта бұрын Ақмола облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың экипажы түнгі мезгілдегі ұшудың себептерін түсіндірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшілеріне Көкшетау көлік прокуратурасы.

Мекеменің хабарлауынша, тікұшақтың апатқа ұшырау себептерін Азаматтық авиация комитетінің арнайы комиссиясы тексеріп жатыр. Қазір полиция куәгерлерден жауап алып жатыр, тиісті құжаттар жиналып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында тікұшақ жерге қатты жылдамдықпен келіп қонды

Тікұшақ Ақкөл ауданындағы өрт сөндіруге жіберілгені белгілі болды. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың ақауы болған, олар арнайы техникті шақырып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ол жерде өрт болып жатқан. Оның ошағында қалып қою қаупі басым болғандықтан, олар түнгі ұшу себебін осылайша түсіндіреді", — деп хабарлады тергеу барысын басқаратын Көкшетау көлік прокурорының орынбасары Дулат Есмағамбетов.

ТЖ 22 қыркүйек күні Ақкөлден алты шақырым жерде орын алды. "Тянь-Шань" әуе компаниясының МИ-2 тікұшағы қону кезінде жерге соғылып қалады. Апат салдарынан тікұшақ толығымен өртеніп кетеді.Авиатехник Г.А.Балуевтің денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылады. Экипаждың екі мүшесі – В.В. Маньков пен Д.Е. Байбосынов жеңіл жарақат алған. 
Бұл іс бойынша Көкшетау бекетіндегі ЖІІБ тарапынан ҚР ҚК 344-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Жаңалықтар
0