АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. ҚР инвестициялар және даму бойынша министрлігі Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында әуе оқиғасы туралы жазған.
"ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті қол жетімді ақпарат саясатын ұстануды жалғастырып, 2017 жылы 22 қыркүйекте "Тянь-шань" әуекомпаниясы Ми-2 ұшағының қатты жылдамдықпен келіп қонғанын хабарлайды, экипаж аман-есен", — делінген жарияланған мәтінде.
Оқиға Ақмола облысы Ақкөл ауданында болған.