Өңірлер

Алматыда дәрігерлер көлік аударылған әйел мен үш баланың хәлі туралы айтты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЗардап шеккендерді ауруханаға жеткізу
Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір бала ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде, ал екі бала мен әйел адам бас сүйек-ми зақымымен ауруханаға жатқызылды

 АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы үстеріне көлік аударылған әйел мен балалардың хәлі туралы мәлімдеме жасады. 

Алматыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан джип автокөлігі жол бойында тұрған әйел мен балаларға қарай аударылған. Жан түршігерлік бейне әлеуметтік желіде таралды. 

Жол апаты орнына төрт жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді. Үш бала мен бір әйел адамға медициналық көмек көрсетілді. 

Джип әйел мен балаларға қарай құлады - Sputnik Қазақстан
Видео
Алматыда көлік жол жиегінде үш баласымен тұрған әйелге қарай аударылып кетті
 Балалар Жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Орталықтағы мамандар балаларды тексеріп, қорытынды шығарған. 

"Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, алған жарақаттары салдарынан бір бала жан сақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінгі оның жағдайы ауыр", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

 Зардап шеккен екі бала Балалар орталығының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Олар бас сүйек-ми зақымы мен түрлі жарақаттар алған. Олардың хәлі орташа. 
Жол апаты салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнынан Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Оның да бас сүйек-ми зақымы мен миы шайқалған. Клиниканың нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 

 


Жаңалықтар
0