Видео

Алматыда көлік жол жиегінде үш баласымен тұрған әйелге қарай аударылып кетті

Жазылу
Алматыда екі көліктің соқтығысуы салдарынан жол талғамайтын автокөлік жол жиегінде үш баламен тұрған әйелге қарай аударылып кетті. Жол апаты бейне тіркеу камерасына түсіп қалып, қазіргі уақытта әлеуметтік желіге тарады

Instagram парақшасындағы dorogi_k қолданушыларының айтуынша, жол апаты кеше 28 қыркүйек күні кешке Өжет шағын ауданында орын алған. Toyota Highlander автокөлігі BMW автокөлігіне жол бермей, соның салдарынан BMW көлігі джипке соғылады. Соққы алған джип жол бойында тұрған әйел мен балаларға қарай аударылып кетті. 

Ана мен оның балалары бетон болгы мен автокөліктің арасында қысылып қалады. Полиция тарапынан болған оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме алу мүмкін болмады. Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз. 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0