Қоғам

Қазақстандықтар латын әліпбиінің 20-дан астам жаңа нұсқасын ұсынды

CC0 / / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ жұмыс тобына қазақстандықтардан 1600-ге жуық ұсыныс-пікір келіп түскен

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ел азаматтары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Қазіргі уақытта жұмыс тобына 20-дан астам нұқса келіп түсті, деп хабарлады Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов. 

Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ тіліне арналған 25 әріпті латын әліпбиі ұсынылды

"Әліпбидің алғашқы нұсқасы парламентте таныстырылды. Бұл нұсқа бойынша қоғамда қазір алуан пікірлер айтылып жатыр. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Елбасы сыртта жүрген 5 миллион қазаққа ортақ таныс әліпби болады деді. Сондықтан біз осы әліпбидің нұсқасын әзірлеуде классикалық латын әліпбиіне сүйендік. Көптеген азамат, пікір білдіруші ұсынылған нұсқаны компьютердің пернетақтасына немесе ағылшын тіліне негізделген деп айтады. Ағылшын тілі де, компьютер де кейін пайда болғандар. Біз ең басты түпнұсқа — 26 таңбадан тұратын латын әліпбиін негізге алдық. Сондықтан компьютердің пернетақтасы немесе ағылшын тілімен салыстырмайық", — деді Ербол Тілешов латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобына ел азаматтары өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Тіпті шетелде тұрып жатқан қазақтар да бұл маңызды реформадан шет қалмақ емес. 

"Қазірдің өзінде 20-дан астам азамат өз нұсқасын ұсынды. Ішінде қайталанғандары да бар, бірақ негізгілері жаңадан келіп түскен. Ресейде тұратын Данияр деген азамат жіберді. Сосын, мысалы, өз елімізде Маңғыстаудан бір азаматтан келіп түсті. Мамандар бәрін қарап, сараптап жатыр", — деді ол. 

Жазу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев латын әліпбиі бойынша saebiz сөзінің жазылуы туралы айтты

Сондай-ақ жұмыс тобына 1600-ге жуық ұсыныс-пікір келіп түскен. 

"Бірқатар таңбаларға, әсіресе диграфтарға, сондай-ақ "w" әрпіне байланысты, "ң" дыбысына байланысты ұсыныстар түсті. Кәсібиден бөлек, әуесқой ұсыныстар да көп. Жалпы, 1600-ге жуық ұсыныс-пікірді жинап, сараптадық, үшке бөлдік. Біріншісі, әліпбидің қоғамдық-әлеуметтік маңызына, екіншісі, қазақ тілі мен мемлекеттік тілге және таза осы әліпбиге байланысты ұсыныстар", — деді Тілешов. 

Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыс алты жыл бұрын басталғанын атап өтті. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі саясаткерлердің есімі латынша қалай жазылады?

"Содан бері комитет тарапынан көптеген ұйымдастырушылық, ғылыми және өзге де дайындық шаралры өткізілді. Дайындық барысында белгілі ғалымдардың қатысуымен латын әліпбиіне көшудің тарихи, әлеуметтік, тілтанымдық негіздері жан-жақты талқыланды. Халықтың пікірін білу мақсатында түрлі зерттеулер жасалды. Жұмыс барысында біз қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді халық толығымен қолдайтынына көз жеткіздік", — деп атап өтті Асылов. 

Баспасөз мәслихаты барысында бүгінде әлемде 4 млрд 900 млн адам латын әліпбиін пайдаланатыны айтылды.  Бұл дүниежүзі халқының сексен пайызына жуықтайды. 


Жаңалықтар
0