Қоғам

Қазақ тіліне арналған 25 әріпті латын әліпбиі ұсынылды

CC0 / / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа әліпбиді құрағанда Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты қызметкерлері мен Шахметов атындағы тілдерді дамыту орталығы мамандарының пікірі ескерілді

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақ тілінің ұсынылған жаңа әліпбиі 25 әріптен тұрады, деп хабарлады Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

ҚР мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нығматулин: орыс тілін білу – тарихи артықшылық

Дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тіліне арналған латын әліпбиің бірыңғай стандартын енгізу мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.   

"Әліпбидің осы жобасын жасарда, ең бірінші, қазақ тілінің дыбыс жүйесі ескерілді. Нәтижесінде әліпбидің ұсынылған нұсқасы 25 әріптен тұрады", — деді Тілешов.  

Тілешов атап өткендей, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын Ш. Шаяхметов атындағы орталық мамандары бірнеше мәрте тексерген.

Оның сөзіне сүйенсек, қазақ тілінің жаңа әліпбиінің бірыңғай стандарты біртіндеп енгізіледі, сондықтан оны меңгеру қазақстандықтарға қиынға соқпайды.  

А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мәлімдегендей, тыңдауда ұсынылған жаңа қазақ әліпбиі институт мамандарының пікірін ескере отырып жасалған.

Жаңалықтар
0