АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Орыс тілін білу қазақстандық ұлттың тарихи артықшылығы, деді ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тілі әліппесін латынға көшірудің біртекті стандарты туралы мәселе талқыланды.
Отырыс барысында сөз алған Нығматулин, бұған дейін мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілін реформалау мемлекеттің тілдік саясатына ешқандай өзгеріс енгізбейтінін атап өтті.
"Әліппені өзгерту тек қазақ тіліне қатысты, латынға ауысу ең алдымен қазақ әліппесін және орфографиялық ережелерді реформалауға бағытталып, тілдік фонетика мен оның графикасы арасында сәйкестік орнатуды көздейді ", — деді Нығматулин.
Оның сөзіне сәйкес, латын әліппесін енгізу мемлекеттік тілдің тек қана ішкі мәселелерін шешуге арналған.