АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Орыс тілі оқулығының авторлары өздерін қорғап, ақталды. "Мектеп" басылымы бас директоры Ерлан Сатыбалдиевтың пікірінше, кітап оқушылардың филологиялық көрегенділікті оятуға көмектеседі.
"Бұл жаттығулар баланың тіл қызметін түсінуі үшін қажет. Мәтінде түбір, жалғау мен жұрнақ бар, шылаулар да кездеседі. Нақты мағынасын білмей, құрамын анықтаймыз. Бұл жаттығу филологиялық көрегенділікке үйретеді", — деді Ерлан Сатыбалдиев елордадағы баспасөз мәслихатында.
Жыл басында жетінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығының құрамы ата-аналар тарапынан қатал сынға алынған еді. Оның ішінде Людмила Петрушевскаяның лингвистикалық ертегісі көпшілікке жақпаған болатын. Ерлан Сатыбалдиевтың айтуынша, бұл ертегіні талдау барысында қалыптасатын дағды шетел тілдерін үйренуге көмектеседі.