Қоғам

Депутаттар жаңа орыс тілі оқулықтарына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуОқулық
Оқулық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орыс тілі оқулықтарындағы материалдар қоғамның қызу талқысына ұшыраған

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Парламент мәжілісі депутаттары қоғамда қызу талқыға түскен, жетінші сыныпқа арналған орыс тілі бойынша жаңа оқулықтарға қатысты пікір білдірді.

Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутаттар жоғары ұпай жинап, оқуға түсе алмаған түлектерге грант беруді сұрайды

"Халық коммунистері" депутаттар фракциясы депутаты Ирина Смирнованың пікірінше, оқулық әдеби орыс тілінде жазылуы тиіс.

"Әлбетте, басқа да сөйлеу формасын көрсеткен жөн, бірақ білім министрлігі бүгін ұсынып отырған оқулық ешқандай сынға төзбейді.Өз басым, мысалы үшін, бомждарға арналған тақырыптың оқытылуына қарсымын. Бұл сөз біздің тілімізге жат. Адамның өмірін оқыту барысында бұл сөзді қолдану, адамды сыйламаумен тең", — дейді депутат.

"Алиса в стране чудес" ертегісі мәжілісменнің көңіліне келмеген сияқты.

"Мұндай ертегі тілді өзіміз білетін сөздерден бөлек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл математикадағы X пен Y сияқты. Бірақ қалған жайттар көкейімізде көптеген сауалдар туындатты, көпшілікке ұғынықсыз. Қаншама сұрақтар туындағанда, білім министрліні әрекетінің дұрыс-бұрыстығы жайлы ойлануы тиіс. Бәлкім, осындай оқулық шығарып, қателік жасаған шығар? Енді бұл оқулықты қолдануға мәжбүр, себебі ол жалғыз негізгі оқулық", — дейді ол.

Оның айтуынша, бұл кітаптар төрт жыл қолданыста болады.

Парламент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР парламенті Ұлттық қордан трансферт және республикалық бюджет туралы заң жобаларын қарастыруда

"Оған көп мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты жұмсалған. Өйткені оқулықтың бағасы үш мың теңгеден асады. Бұл еліміз үшін тым көп", — деп санайды Смирнова.

"Нұр Отан" партиясы депутаты Бахтияр Макеннің айтуынша, жаңа қазақстандық оқулықтар қандай да бір ресейлік ұйғарымға сай шығарылуда, бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

"Меніңше, бұл дұрыс емес. Кітаптар шығарылған кезде, оларды тексеретін арнайы комиссия бар. Қаншама қаражат бөлінеді, енді сол кеткен ақша өтелуі тиіс. Осыған жол берген адамдар өтеуі тиіс. Бұл жайттың ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін түсінулері керек. Бұл мәселе әлі көтерілетін болады. Қандай да бір шешімге келеміз деп ойлаймын", — деп сөзін түйіндеді депутат.

Жаңалықтар
0