АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Жұма күні әділет министрлігінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңға енгізілетін түзетулер жобасы ұсынылды.
ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин хабарлағандай, заң жобасы аясында Қазақстанда теңіз жедел штабтарын құру ұсынылған.
"Қазіргі уақытта барлық штабтар Қазақстанның аумағын ғана, оның ішінде құрылықты қамтиды. Теңіз бетінде штабтарымыз жоқ. Сол себепті заң жүзінде теңізде антитеррорлық шаралар жүргізу мүмкіндігін бекітпекпіз", — деді Ерғожин Әділет министрлігіндегі брифингте.
"Қазірде жұмыстарды ҰҚК Шекара қызметі қамтамасыз етіп отыр, қажет болған жағдайда өзге құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ қарулы күштермен бірлесеміз. Дегенмен, әлемдегі террорлық қауіптің артып келе жатқанын ескеріп, қауіпсіздікті күшейту үшін тиісті штаб құрғанымыз жөн", — деді Ерғожин.