АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Балалардың жоғалып кеткені туралы ата-аналары арыз берген. Олардың айтуынша, балалар күндіз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінде айтылғандай, іздеуге аудандық полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды, кейінірек жақын аудандардың полицейлрі, прокуратура органдары, әкімдік қызметкерлері мен қарапайым азаматтар көмектесті.
Жоғалып кеткен балалар таңғы төртте табылды.
"Балалар үйден 150 шақырым қашықтықта Жылыой ауданы Күлсары елді мекенінде табылған. Аман-есен, бірақ қатты тоңып, қарындары ашқан. Ата-аналары бірден жолға шықты", — деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.
Балаларды белгісіз бір әйел алып кетіпті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.