Өңірлер

Қостанай облысында екі баланың анасы із-түссіз жоғалып кетті

© Photo : АлауВиктория Курочкина
Виктория Курочкина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің ұялы телефоны үйінде қалған, таныстары оның өз еркімен кетіп қалғанына сенбейді

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында Қашар ауылының тұрғыны іздестіріліп жатыр, ол үйінде екі баласын тастап, қайта оралмаған, деп жазады жергілікті "Алау" басылымы.

32 жастағы  Виктория Курочкина 24 қыркүйекте күндіз жоғалып кеткен. Ол кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын үйінде тастап, ұялы телефонсыз кетіп қалыпты.

Дүйсенбі күні әйел адам жұмысқа шығуы керек болатын. Алайда сол күннен бері оны ешкім көрмеген.

© Photo : АлауБағыттама
Бағыттама - Sputnik Қазақстан
Бағыттама

Таныстары Викторияны жауапты әрі спортпен айналысатын жан деп, жайдан-жай кетіп қалғанына сенбей отыр.

Қазір әйелді полиция мен еріктілер іздеуде.    


Жаңалықтар
0