АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Мемлекеттік комиссия "Қазақстан" шахтасында орын алған ТЖ себептерін анықтауға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мерт болғандардың кінәсы — нөл пайызға тең, жұмыс беруші "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының кінәсы — 100%". Апат көмір мен газдың кенеттен сыртқа лақтырудан туындаған. Оның көлемі 925 тонна көмір және 161 мың 645 текше метр газды құрайды. Жұмыс беруші қауіпті жұмысты жүргізуге қажетті тиісті шараларды орындамаған", — деді "Қазақстан" шахтасындағы ТЖ себептерін тергеу бойынша мемлекеттік комиссияның төрағасы Ныгмеджан Мақажанов.
Тамыз айында "Қазақстан" шахтасында көмір мен газдың кенеттен сыртқа шығарылуы орын алды. 600 метр тереңдіктегі жер астында үш жұмысшы мерт болып, тағы 4 дама зардап шекті.
Болған оқиғаға қатысты қызметтік тұлғалардың жауапқа тартылуы жөніндегі ақпарат әзірге белгісіз. Барлық шешімдері комиссия өкілетті тергеу органдарына ұсынады.