АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. "Казахстанская" шахтасындағы апат кезінде зардап шеккен үш кенші ауруханадан шықты, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
Компания баспасөз қызметі мәліметінше, кеншілердің денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, төртінші қыркүйекте үйлеріне оралды. Зардап шеккен жұмысшылар компания есебінен екі апта санаторийде жатып демалатын болды.
31 тамызда "Казахстанская" шахтасында метан жарылып, үш адам қаза тапты. Тағы үш адам уланып, ауруханаға жатқызылған болатын.