АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Бірқатар қазақстандық банктердің серверлерінде хакерлердің жоғары белсенділігі байқалады, делінген Qazkom банкінің хабарламасында.
Банк бұл белсенділіктің Homebank интернет порталында байқалғанын да атап өтті.
Хабарламада: "Банк мамандары кеше көлемді DDoS-шабуылды анықтады. Ол көптеген IP мекен-жайдан бір мезгілде жалған сұраныстардың келуімен байқалады, ол порталдың жұмысын бұғаттайды", — деген мәлімет берілген.
Банк қызметкерлері, сайттың және клиеттердің шоттарына кепілді қорғаныс жасауға қажетті барлық техникалық шараларды орындап жатқанын атап өтті.
"Осыған орай, қандайда бір төлем операцияларын жүргізуге кедергі болып жатса немесе сайт уақытша қол жетімсіз болса, біз кешірім өтінеміз", — деді Qazkom.
Бұған дейін ҚР ҰҚК еліміздің алты банкі фишинг (интернет алаяқтықтың түрі) шабуылы жасалған, алайда олардың біреуі ғана қауіпсіздік мекемесінен көмек сұраған. Банктер мұндай мәліметтерді өздерінің беделіне нұқсан келтірмеу үшін жарияламауды жөн көреді екен.