Қоғам

Қазақстан банктері хакерлік шабуылдар туралы жасырып қалуға тырысады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуКомпьютерлік вирус
Компьютерлік вирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы қызмет органдары қандай да бір жағдайдың орын алғаны жайында уақытында хабар беру алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты

АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы алты банкі фишингке (құпия мәліметтерді алу мақсатындағы интернет — алаяқтықтың бір түрі) ұшыраған, алайда бір ғана банк осы мәселеге қатысты көмек сұрады, деп хабарлайды  ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің өкілі Евгений Емельянов.

"Биылғы жылы біздің бірқатар банктер фишинктік шабуылға ұшырады. Ол жөнінде Ұлттық банк атынан хабар таратылды. Доменнің өзі қолдан жасалған болды… Уақытында қолға алып, доменді бұғаттады. Банктер бізге хабар бергенді қаламайды. Біздің мәліметтеріміз бойынша, алты банк зардап шеккен. Ресми түрде бізге бір ғана банк көмек сұрап келді. Банктар өздерінің беделін сақтап қалу үшін мұндай оқиғаларды жасырын ұстайды", — деді Емельянов ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі дөңгелек үстем отырысында. 

Алайда, оның айтуынша, уақытылы хабар берудің маңыздылығы зор. Себебі мұндай оқиғаларға қатысты дер кезінде жауап қайтаруға қатысты ұсыныстар жасалады. 

ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі өкілі банктер қаржылай сипатта зардап көрмеген. 

Спикердің айтуынша, тағы бір фишинг ұлттық компанияларға қарсы орын алған. Қаскүнем компанияның есептік қызметіне мекеме басшысының атынан хат жолдап, қомақты қаржымен төлем жасау жөнінде нұсқау береді. 

Тұтастай алғанда, 2011-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік техникалық қызметі 79 мыңнан астам компьютерлік шабуылдарға қатысты әрекет еткен. Соңғы айларда бұл жағдайлар жиілеп, алғашқы жарты жылдықтың өзінде 99 оқиға тіркелген.  

 

 

Жаңалықтар
0