Экономика

Энергетика министрлігі: Ресей Қазақстанға әкелетін әуе керосинінің жеткізілімін ұлғайтты

© pixabay/gustavmelin0Аспандағы ұшақ
Аспандағы ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апта басында республиканың Air Astana ұлттық әуе тасымалы компаниясы отынның тапшылығынан еліміздің әуе нарығындағы қызмет көрсету орындалмау қаупі тұрғанын жариялаған болатын

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Энергетика министрінің мұнай өндірісін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов бейсенбі күні ресейлік өндірушілердің әуе керосинінің жеткізілімін ұлғайтатынын хабарлады. 

Эйр Астана әуе компаниясының ұшақтары - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандағы тұрақты әуе қатынасына қауіп төніп тұр

Қазақстандық Шымкент және Атырау зауыттары жалпы есеппен айына 22 мың тонна әуе керосинін шығарады. Әуе тасымалы компаниясының орта айлық сұранысы 47,5 мың тоннаға сәйкес келеді. Сондықтан қажетті отынның қалған бөлігі Ресейден тасымалданады. Алайда, соңғы кездері Ресей Қазақстанға әуе отынын жеткізу көлемін азайтқан, қыркүйек айының бірінші жартысында ресейлік зауыттар бар-жоғы 7 мың тонна керосин жеткізген.  

"Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі импорт көлемін күн сайынғы жоспар бойынша іске асырады. Сол себептен де Ресей тарапынан жеткізілетін әуе керосинінің көлемін арттыруға мүмкіндік туып, бүгінде 18 мың тонна отын жеткізілсе, қосымша тағы 8 тонна жөнелтуді жоспарлап отыр", — дейді Құдайбергенов.

Әуе базаларының қазіргі жұмысы отынның қолда бар қорымен орындалып отыр. Алдағы уақытта Павлодар мұнай өндеу зауыты іске қосылған кезде Қазақстандық өндіріс көлемі жылына 900 мың-1 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. 

 

 


Жаңалықтар
0