АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Отынның тапшылығынан Қазақстандағы тұрақты әуе қатынасының бұзылуы қаупі тұр, деп хабарлайды "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметі.
"Ресейден әуе керосинінің тасымалы тоқтап, Шымкент мұнай өңдеу зауытының уақытша жабылуына байланысты ҚР тұрақты әуе қатынасына қауіп төніп тұр", — деп мәлімдеді "Эйр Астан" компаниясының баспасөз қызметі.
"Эйр Астана" Қазақстанға әуе керосинін тасымалдайтын экспортер компаниялар "Газпромнефть", "НК Роснефть", "Лукойл" және "Татнефть" екенін атап өтті.
"Қазан айына ресейлік нарықтағы сұраныстың артуына байланысты аталған компаниялар әуе отынын жеткізуді растаған жоқ. Мысалы, "Газпромнефть" отынның экспортын 2018 жылдың мамыр айынан бастап қайта жандандыру туралы хабарлады", — деп мәлімдеді. Air Astana.