АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік кірістер департаментінің екі қызметкері сотталып жатыр, деп хабарлайды қалалық сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Істің материалдары бойынша, МКД аға офицері Бауыржан Оралғазин қырғызстандық кәсіпкерді лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқан, себебі бизнесмен ондай әрекет жасамаған. Бұдан бөлек, офицер кәсіпкерге іздеу жариялап, оны пара алғанын мойындауға мәжбүрлеген, бас бостандығын айыру жазасы берілмейтіндей үкім шығарылуы үшін 120 мың теңге пара бергізіп, кейін ол соманы өзі иемденген.
Сот хабарлағандай, екінші сотталушы Жамбыл облысы МКД ішкі қауіпсіздік басқармасының аға тергеуші Ғазиз Жүзбаев Оралғазинмен сыбайласып, бірнеше қылмыс жасаған. Оған қызметі бойынша әрекетсіздік, айғақтарды бұрмалау, қызметтің лауазымын асыра пайдалану, 20 мың доллар көлемінде пара алмақ болу сияқты айыптар тағылды.