Қоғам

Google Translate жүйесі қазақ тіліне дауыстап аударатын болады

© AFP 2024 / Damien MeyerGoogle
Google - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы кезеңде 150 мың сөз бен сөз тіркесі дыбысталады

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Бірнеше жылдан соң Google Translate жүйесінде қазақ тіліне дауыстап аудару қызметі пайда болады.

Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру үшін 600 миллион теңге бөлінеді

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз хабарламасына сүйенсек, Google мен "Ұлттық аударма бюросы" қоры арасындағы келіссөздер нәтижесінде Google Translate командасы Voice-to-Text жүйесіне қазақ тілін енгізуге көмектесетін болды. Жобаны іске асыру бойынша шаралар кешені анықталып, жұмыс басталып кетті.

"Меніңше біз осы міндетті мойнымызға алып, екі жыл ішінде атқарамыз деп ойлаймын, Google компаниясындағы әріптестерімізден сұраймыз. Мүмкіндігінше тездетуге тырысамыз", — деді "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ОКҚ баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның айтуынша, басты мәселе сөздік қорды дыбыстау. Яғни,  150 мың сөз бен сөз тіркесін дыбыстап, өңдеп, Google компаниясына жіберу керек.


Жаңалықтар
0