АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан билігі қазақ тілінің латыншаға ауыстыру аясында 600 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Сейсенбі күні ҚР Парламенті мәжілісінде 2018-2020 жылға арналған республикалық бюджет жобасының презентациясы ұсынылды. Презентация материалдарына сәйкес, латын әліпбиіне көшу үшін республикалық бюджеттен 2018 жылы 300 миллион теңге бөлінсе, қалған 300 миллион теңгені 2019 жылы бөлу қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдар мен жұртшылықтың көмегімен жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің біртекті стандартын қабылдауды тапсырған болатын.
Президенттің айтуынша, 2018 жылдан бастап, жаңа әліпбиді оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау керек. 2025 жылға қарай Қазақстанда латын әліпбиіне көшу жаппай орын алуы тиіс.