АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты Алматы қаласының Постышев және Сиреневая көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне куәгерлер.
Постышев көшесінің бойымен жүріп келе жатқан Subaru Forester автокөлігі, Сиреневая көшесінің қиылысында белгісіз себептерге байланысты автокөліктің басқаруына ие бола алмай қалады. Нәтижесінде қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік жекеменшік үйдің қоршауын бұзып, ауласына кіріп кетеді. Көліктің жүргізушісі 32 жасар ер адам "жедел жәрдем" келгенге дейін, оқиға орнында қайтыс болады.