Оқиға

Алматыда Mitsubishi жүргізушісі көлікте қысылып қалды

© SputnikАлматыда Toyota Delica мен Mercedes Sprinter соқтығысты
Алматыда Toyota Delica мен Mercedes Sprinter соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аяғы сынған жүргізуші аурухана жеткізілді

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Алматыда  Mitsubishi Delica пен Mercedes Sprinter соқтығысты. Жол апаты Рысқұлов көшесінде, Жансүгіров пен Қазыбаев көшелерінің арасында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Автобус пен автокөліктің соқтығысуы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус пен көліктің соқтығысуынан үш адам зардап шекті

Mitsubishi Delica шығыс бағытта, Mercedes Sprinter батыс бағытта келе жатқан. Delica жүргізушісінің неліктен рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Көлік жол жиегінің үстімен қарғып өтіп, қарсы беттен бір-ақ шығып, Mercedes көлігімен соқтығысады. Қатты соққыдан көліктер майысып қалған. 

Жол апатынан үш адам зардап шекті. Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ауруханаға жатудан бас тартты.

Delica жүргізушісі көлікте қысылып қалған, оны апатқа куә болған адамдар алып шыққан. Аяғы сынған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. 

Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

 

 

Жаңалықтар
0