Қоғам

Алматыда "Альфа-банкті" тонаушыларға үкім шығарылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлер жеті жыл бас бостандығынан айырылып, дүние-мүлкінсіз қалады

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Алматыда "Альфа-банк" бөлімшесіне шабуыл жасаған қарақшылар жеті жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сотталушылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Альфа банк" тонаушыларының соты: бәріне несие кінәлі

Банк 27 маусымда тоналған. Тергеу деректері бойынша, күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 65 миллион 300 мың теңге тонап кеткен.

Кейінірек белгілі болғандай, тонаушылар – банктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Максим Бескишин мен Иван Жуков. Олар несие төлеу үшін банк тонауға барғандарын түсіндірді.

Сот оларды ҚР ҚК 191 бабы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандықтарынан айырды әрі мүліктерін тәркілеген.

Бұдан бұрын мемлекеттік айыптау оларды сегіз жылға соттауды сұраған еді.

Жаңалықтар
0