Өңірлер

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн райы бұзылады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы көшпелі бұлтты болып, жел ұйытқиды

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Жақын күндері Қазақстанның орталық, шығыс өңірлерінде, солтүстік аймақтың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Ал оңтүстік пен батыста кей жерлерде жаңбыр жауып, жел ұйытқиды, деп хабарлады Gismeteo сайты.

Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер Қазақстанның үш облысында желдің күшеюін болжайды

Қазақстанның орталық облыстарында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашын жаумайды, кей жерлерде жел ұйытқиды.

Ақмола облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +5…+8°C, түнде 0…+3°C, өңірдің солтүстігінде күндіз +1…+4°C, түнде 0…-3°C.

Қарағанды облысында күндіз ауа райы жауын-шашынсыз, жел ұйытқиды, ауа температурасы +6..+9°C, түнде кей жерлерде жауын жауады, 0…-3°C, өңірдің солтүстігінде ала бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +12…+14°C, түнде +2…+5°C.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды.

Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +3…+6°C, түнде +1…-2°C.

Қостанай облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы +5…+8°C, түнде +1…+4°C.

Павлодар облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы+5…+8°C, түнде кей жерлерде жауын жаууы мүмкін, —2…+2°C.

Шығыс Қазақстанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +8…+12°C, түнде —2…+2°C.

Оңтүстік өңірлерде көшпелі бұлтты, аздап жаңбыр жауады.

Айнур Кайынбаева - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер: күн жылынбайды

Алматы облысында көшпелі бұлтты, негізінен жауын жаумайды, кей жерлерде аздап жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз ауа температурасы +15…+19°C, түнде +2…+6°C.

Жамбыл облысында көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, күн күркірейді, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы до 23-28 м/с, күндіз ауа температурасы +18…+20°C, түнде +8…+11°C.

Оңтүстік Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел ұйытқиды 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді, күндіз +18…+22°C, түнде +8…+12°C.

Қызылорда облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей жерлерде жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +16…+19°C, түнде +7…+10°C.

Батыс өңірлерде көшпелі бұлтты, басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел ұйытқиды.

Маңғыстау облысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты, жел ұйытқиды, күндіз +17…+21°C, түнде +9…+12°C.

Батыс Қазақстан облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жауын жауады, жел ұйытқиды, ауа температурасы +10…+13°C, түнде +2…+5°C.

Ақтөбе облысында күн біресе бұлттанып, біресе ашылады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел ұйытқиды, күндіз +8…+11°C, түнде +2…+5°C.

Атырау облысында көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел ұйытқиды, күндіз ауа температурасы +11…+14°C, түнде +6…+9°C.

Жаңалықтар
0