АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".
"27 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, таңертең және күндіз желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді деп күтіледі.
27-ші қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.
27 қыркүйекте тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді деп күтіледі", — делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан территориясы суық антициклонның ықпалында болатынын айтқан. Елімізге суық арктикалық ауа келеді, ал 28 қыркүйек күні орталық және солтүстік облыстарда жауын-шашын болып, арты қарға ұласады, деп болжаған болатын.