АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Мемлекеттік айыптау "Альфа-банкті" тонаушыларды сегіз жылға соттауды сұрады.
Банк 27 маусымда тоналған. Тергеу деректері бойынша, күдіктілердің бірі банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 65 миллион 300 мың теңге тонап кеткен.
Максим Бескишкин мен Иван Жуковқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласы ауданаралық сотында қарастырылып жатыр.
Мемлекеттік айыптау екі сотталушыны сегіз жылға соттап, мүлікн тәркілеуді сұрады.
Және айта кететін бір жайт, прокурор 192 бап бойынша қарастырылып отырған істі ҚР ҚК 191 бабы 4 бөлігі 2 пунктіне алмастырды. Жәбірленуші қарыз өтелген соң құны 300 мың теңге азаматтық арызды қайтып алды.